Өлеңдер ✍️

  11.11.2021
  116


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Япыр-ай, біздер тірлікте қандай қаталмыз

Япыр-ай, біздер тірлікте қандай қаталмыз.
Қағысамыз да, шабысамыз да жатамыз.
Даулассақ, жеңсек,
Жауласақ, жықсақ мәз болып,
Жеңілсек егер, жығылсақ егер қапамыз.
Сен жеңдің дейік.
Жарайды, ал мен жығылдым.
Керісінше болса, онда мен сенен мығыммын.
Ал сонда осы пайдасы бар ма жеңістің
Абыройы үшін Адамзат тұрған тұғырдың?
Япыр-ай, біздер жұмсақпыз, қандай мейірбан,
Жығылсақ егер тағдырдан, тентек зайырдан.
...Біреуді жеңсем пенделік қой деп ойлаймын,
Жеңілу түгіл, жеңістен ауыз шайылған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу