Өлеңдер ✍️

  10.11.2021
  2248


Автор: Жібек Ысқақова

9 сынып мектеп бітіріп жатқан қызыма құттықтау тілек

Гүл жайнаған көктемім жаным қызым,
Күлімдесін қашанда жылы жүзің.
Тоғызыншы сыныпты бітірдің сен,
Бір бөлігін өмірдің көріп қызым.

Жаңа өмірің бақытын сыйласын тек,
Бар жақсыны өзіңе жинасын тек.
Гүлді бағың құлпырып әр күн сайын,
Ата берсін таңдарың, күн күлімдеп.

Тоғызыншы сыныпты бітіріп сен,
Арманың мен мақсатыңа жол бастадың.
Орындалып ойға алған тілектерің,
Жадырасын, жайнасын бұл жас жаның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу