Өлеңдер ✍️

  10.11.2021
  1198


Автор: Жібек Ысқақова

9 сыныпты мектеп бітіріп жатқан ұлыма

Міне ұлым бітірдің тоғызды сен,
Биік болсын адатын асуларың.
Бақытты бол, арманың орындалып,
Гүлдей жайнап құлыным жасыл бағың.

Адалдықтың жолынан адаспай сен,
Қиындықты мұңаймай өмірде жең.
Қанат жайып аспанда биік самғап,
Тамыр жайып жан балам өркендей бер.

Алға қойған арманың орындалсын,
Жаңа өмірде жан балам бағың жансын.
Әрбір басқан қадамың оңды болып,
Жақсылықтар төріңнен арылмасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу