Өлеңдер ✍️

  10.11.2021
  918


Автор: Жібек Ысқақова

11 сынып мектеп түлектеріне құттықтау тілек

Мектепті сен бітіріп, қанат қақтың,
Қанат құсың самғатып ғарыштарға.
Арман менен мақсатың бірге үндесіп,
Апарсын сені қол жетпес алыстарға.

Отырып ап арманның кемесіне,
Мақсатыңа бір демде жетіп үлгер.
Жас түлексің мектептен түлеп ұшқан,
Мықты болсын қайратың, күш пен жігер.

Адалдықтың адаспа бағытынан,
Өтсе-дағы жолыңда қағып тұман.
Қаймықпағын жас түлек тек қана алға,
Биікке өрле, болып сен сайып қыран.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу