Өлеңдер ✍️

  08.11.2021
  1286


Автор: Жібек Ысқақова

Әпке: 34 жасқа туған күніңмен құттықтау

Ашық жарқын мінезімен баурап алар,
Әпкетайым мейірімді алда болар.
Құтты болсын туған күнің бүгінгі,
Қуаныш пен шаттықтың шамын жағар.

Отыз төрт жас өміріңді нұрлы етсін,
Бір өзіңе жан әпке шаттық сыйлап.
Әр күніңді бақытты, құнды етсін,
Бар әлемнің бақытын саған жинап.

Жүзіңнен күлкі кетпесін жаным әпкем,
Арайлы атып шуақты таңың әпкем.
Гүл жайнаған өміріңде шаттық ойнап,
Еселенсін Алла қолдап бағың әпкем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу