👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  08.11.2021
  395


Автор: Жібек Ысқақова

34 жас ұлыма туған күнге тілек

Толып жатсың отыз төрт жасқа ұлым,
Лүпіл қағып дүрсілдеп жүрек үнің.
Денің сау боп амандықта, күлім қағып,
Жүре бергін сәтті болып әрбір күнің.

Көңіліңді шалмасын уайым-қайғы,
Күлімдесең құлыным бақ орнайды.
Жайма шуақ күндерің ортаймасын,
Алла жар боп өміріңді қылып жайлы.

Отыз төрт жас — жайнатып, шаттандырсын,
Қуанышы көп болған сәт қалдырсын.
Биіктерге жетелеп жаңа жасың,
Абыройлы, елге сыйлы ат қалдырсын.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы