Өлеңдер ✍️

  08.11.2021
  683


Автор: Жібек Ысқақова

33 жас қарындасыма туған күніңмен құттықтау

Қарындасым,
Гүл өмірің бақыттан жалындасын.
Отыз үш жас есіктен еніп отыр,
Қуана бер бақ әкеліп жаңа жасың.

Бақ тілеймін,
Бақыты көп қарындасым сәт тілеймін,
Көңіліңді шалмасын уайым-қайғы,
Шаттана бер жарығым деп тілеймін.

Күліп-ойна,
Жадырап сен құлпырып жаздай жайна.
Жастан жасқа жете бер қарындасым,
Амандықта, саулықта айдан айға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу