Өлеңдер ✍️

  08.11.2021
  1173


Автор: Жібек Ысқақова

32 жас сіңіліме туған күніңмен құттықтау тілек

Айдай жүзің әр жанға бақ сыйлаған,
Құтты болсын жан сіңілім туған күнің.
Отыз екі жас келді шаттандырып,
Қуанатын, бақ табатын күнің бүгін.

Көңіл-күйің биік болсын ортаймасын,
Көктемдей боп құлпырған жан сіңілім.
Күлімдей түс, басыңнан бақ таймасын,
Жан сіңілім болмай сенің ешбір мұңың.

Жастан жасқа амандықта жете бергін.
Бақытты ана, бақытты жанға айналып.
Бар жақсылық орнасын жан сіңілім,
Шаттығың мен қуаныш бір жайланып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу