Өлеңдер ✍️

  08.11.2021
  706


Автор: Жібек Ысқақова

31 жас әпкеме туған күніңмен құттықтаймын

Күлім қағып әрқашан қолдап жүрер,
Жақсылықты жақсыға жалғап жүрер.
Жанарында мейірім бар әпкем менің,
Бар жақсыны біз үшін таңдап жүрер.

Құтты болсын бүгінгі туған күнің,
Отыз бір жас әпкешім келді бүгін.
Құт-береке бірге келіп жаңа жаспен,
Қуанышпен тербей берсін әрбір күнің.

Қанатыңыз жан әпке талмасын еш,
Әуелетіп аспанда биік самға.
Заңғарларды бағындырып, биік шыңды,
Адымдай бер жан әпке тек қана алға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу