Өлеңдер ✍️

  06.11.2021
  115


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Келеді бір күн махаббат

Ерте ме, кеш пе, келеді бір күн Махаббат,
Болмысыңды да жеңеді бір күн Махаббат!
Көктемгі нөсер, мүмкін ол – күзгі ақ жауын,
Сездірсе болды қалғаныңды әбден қаталап.
Сезінсең болды – әжім жүзіңе өң кіріп,
Сезінсең болды – сезімдеріңе сең жүріп.
Сезінсең болды – жүрегіңе алмай сәл күдік,
Махаббат сол ғой – қас қағым сәттік мәңгілік.
Келер ол мүмкін – түсі аппақ қырау қар болар,
Ериді қар да, несі бар одан қорғанар.
Табиғатыңның тілеуіменен туса егер
Табиғатыңа табиғат өзі жар болар.
Ерте ме, кеш пе, ертең бе, әлде бүгін бе,
Басыңа келмей кетпейді ол түптің түбінде.
Бозөкпе бала, әй, махаббат іздеп жүгірме,
Боз шулан ағай,
Махаббат жоқ деп түңілме!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу