06.11.2021
  315


Автор: Ғибратты әңгімелер

Раббыңа өте сыпайы бол!

Әзіреті Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Алла Тағалаға шынайы құл болғанды барлық нәрседен жоғары қоятын. Алла Елшісінің осы таңдауын баяндайтын ғибратты оқиғалардың бірінде:


Бір күні Әзіреті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Жәбірейіл періштемен сұқбатасып отырған еді. Сол уақытта Алланың қалауымен көктен бір періште түсті. Жәбірейіл бұл періштенің дүниеге алғашқы түскенін айтты. Періште:


– Әй Мұхаммед! Мені саған Раббың жіберді. Ол сенен «Патша пайғамбар болғанды қалайсың ба, әлде құл пайғамбар болғанды ма?» –деп сұрап жатыр, – деді.


Әзіреті пайғамбарымыз Жәбірейілге қарады. Жәбірейіл:


– Әй Алланың Елшісі, Раббыңа өте сыпайы бол! – деді.


Сонда Әзіреті Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.):



 


«Құл пайғамбар болғанды қалаймын» дей отырып, ерекше сыпайлығын танытты. Оның осы таңдауынан кейін, құлдық – адам баласы қол жеткізетін ең шарапаты жоғары дәреже болды.


Сондай-ақ, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзіне шектен тыс тағзым қылған кісілерге: «Сендер мені өз дәрежемнен артық жоғарылатпаңдар! Өйткені Алла Тағала мені өзінің елшісі қылмастан бұрын құл қылған» деп ескерту жасап, құл болудың қадірі мен артықшылығын баян еткен».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу