Өлеңдер ✍️

  05.11.2021
  121


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Тобық

Құдаша қыз маған бір тобық берген,
Сұраған соң тобығын тауып бергем.
– Не қалайсыз, – деген ол меселімді
Қайтара алмай тұрса да қауіптенген.
Сақтасам да қаншама үміт қылып,
Тыншыққанмын ішімнен тынып тұрып,
– Іңкәріңіз сіздікі, – деген маған
Базары өтіп кеткенін біліп тұрып.
Жанбаған соң көзінің әр шоғына,
Қанбаған соң сөзінің кәусарына,
Сақинасын сұрап ем, сақинасы
Симай қалды тар болып саусағыма.
Құдашаға мен де бір тобық бергем,
Сұраған соң ол дағы тауып берген.
– Не қайлайсыз, – дегем мен үміттеніп,
Қалағанын айтуға қауіпенген.
Ән қалаған алдарқап алаңдауға,
«Құдашаны» қайырып тәмәмдағам.
Тәмәмдамай қайтейін, іңкәр дүние
Оған да арман, айта алмай маған да арман.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу