Өлеңдер ✍️

  05.11.2021
  166


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Орамал

Әр апта сайын әйелдер жуған орамал
Тазарды деген, тәйірі, бір сөз ғой жорамал.
Теріңнің иісі түбіттей қайта бұрқырап,
Әтірдің иісі сәлден-ақ кейін жоғалар.
Сағыныш, сенім шын махаббаттың тезі ғой,
Орамал берсе, ойлансын деген кезі ғой.
Кім тоқып берсе, орамал соның көзі де,
Кім көп сүртінсе, орамал соның өзі ғой.
Ескерткіш белгі, сүртін сен мейлі, сүртінбе,
Ол орамалды маңдайға біткен мүлкім де.
Тағдырдың заңы талақ боп кетсе, әйелдер,
Тер иісін жуып тазартуларың мүмкін бе?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу