Өлеңдер ✍️

  05.11.2021
  133


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Тобылғы сайға барғанда

Дүр етіп лезде бүр жарған кезде дүзген, тал,
Тобылғы сайға торыңды сайлап қызбен бар.
Қолаң шағыр мен қоламта күлгін көкпектің
Арасында аршын тұяқтар тиген іздер бар.
Тұяқтар теуіп тастаған таспа топырақ
Қияқтар көміп, аңқасы кеуіп жатып ап,
Шаңқай түсте шекесі шып-шып қызғанда
Қалқалайды кеп қызғаншақ түйежапырақ.
Тобылғы сайға, торыңды сайлап бар сонда,
Жарауы жетсе, Топайдай торың алшаңдар.
Ізге ұя салған жапырақтан бір құс пыр етіп,
Жазатайымда қайтер ең құлап қалсаңдар?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу