👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  05.11.2021
  197


Автор: Дина Бөкебай

Менің далам

Жанардан жас болып ауытқыр боз ғалам,
Бар менің ешкімге тиіссіз өз далам.
Аспанға аңсары ауғандар таңсәрі
Қолыңды соз маған!
Көкейде тоқтаусыз ұлыса бөрі арман
Бұл дала шығады күттірмей көп алдан.
Себепсіз сүюге болатын және де
Жек көру дегенің атымен жоғалған.
Жолы жоқ асфальтта ,қырда да
Бұл мекен әлемде бір ғана!
Сананың мұңлығын, ғаламның күмбірін
Сыйдыра алады бұл дала!
Гүл жарған секілді көктемде бүршіксіз
Жан біткен жалғыз қап, тұншықсын,
Кіруге билеті тегін ғой алайда
Жүректер болуы міндетті кіршіксіз!
Сабырды сарқып ап, жалғандық түгесіп
Сол мекен үшін де күресіп,
Бір қақпа ашулы бәрі үшін
Бәріне ашулы бір есік – ол менің әлемім.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы