04.11.2021
  322


Автор: Ғибратты әңгімелер

Дәрежелеріне қарай мәміле

Риуаят бойынша, Айша анамыз (р.а.) сапар барысында бір жерге тоқтайды. Дастарқанын жайып жатқан кезде бір тіленші келеді. Айша (р.а.):


– Мынаған бір күлше беріп жіберіңдер, – дейді.


Одан кейін бір атты кісі өтіп бара жатады. Айша (р.а.):


– Мына кісіні дастарқанға шақырыңдар, – дейді. Оған жанындағылар:


– Міскін кісіге беріп жібердіңіз. Ал бақуатты кісіні шақырып жатсыз ба? – деседі. Сонда Айша анамыз (р.а.):


– Алла Тағала адамдарды әртүрлі дәрежеге қойды. Біз оларға сол дәрежелеріне қарай мәміле жасаймыз. Әлгі міскін бір күлшеге разы болып кетті. Ал мынадай тұрпаттағы бақуатты кісіге бір күлше беріп жібергеніміз бізге жараспайды, – деді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу