04.11.2021
  253


Автор: Ғибратты әңгімелер

Жамағатпен бірге бол!

Сахаба Һузайфа (р.а.) былай дейді: «Адамдар Алла елшісінен (с.ғ.с.) жақсылық жайлы сұрайтын. Ал, мен сақтанып жүрейін деп жамандық не екенін сұрайтынмын».


– Бір күні мен: «Уа, Алла елшісі! Расында біз надандықта болдық. Алла бізге Исламды берді. Осы жақсылықтан кейін бір жамандық бар ма?» – деп сұрадым.


Пайғамбар (с.ғ.с.): «Иә», – деді.


Мен: «Сол жамандықтан кейін бір жақсылық бола ма?» – дедім.


Пайғамбар (с.ғ.с.): «Иә, бірақ бір бұлыңғырлық бар», – деді.


Мен: «Ол бұлыңғырлық не?» – деп сұрадым.


Алла елшісі (с.ғ.с.): «Адамдар тура жолда әрең жүреді», – деді.


Мен: «Осы жақсылықтан кейін тағы бір жамандық бола ма?» – дедім.



 


Пайғамбар (с.ғ.с.): «Иә, тозақ есіктеріне шақырушылар болады. Кім оларға ілессе, тозаққа құлайды», – деді.


Мен: «Уа, Алла елшісі! Оларды бізге суреттеп беріңіз», – дедім.


Пайғамбар (с.ғ.с.): «Олар біздің нәсілден болады, біздің тілімізде сөйлейді», – деді.


Мен: «Егер сол уақытта өмір сүрсем, не істеуім керек?» – дедім.


Пайғамбар (с.ғ.с.): «Мұсылмандар жамағатымен және басшысымен бірге бол», – деді.


Мен: «Мұсылмандардың жамағаты және басшысы болмаса ше?» – дедім.


Пайғамбар: «Ол топтардың барлығынан оқшау жүр, жолама. Тіпті, ажалың келгенше ағаштың тамырын тісіңмен тістеп жатып алсаң да, сол күйде бол», – деп ескертті. (Бұхари, Муслим, Термизи).




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу