03.11.2021
  432


Автор: Ғибратты әңгімелер

Алладан қорқудың жеті белгісі

«Худжат ул ислам», яғни исламның дәлелі, құжаты атанған Имам Әл-Ғазали Жүректің сырлары (Мукашафатул қулуб) атты еңбегінде Әбу Лейс Aс-Самарқанди (р.а) былай дегенін келтіреді.


Алладан қорқудың белгісі жеті жерде білінеді:



  1. Тілдің қорқынышы. Алладан қорқу кісіні өтіріктен, жалған сөйлеуден, ғайбаттан, өсек айтудан, жала жабудан, қажетсіз сөздерді атудан сақтайды. Қайта тілін Алланы еске алуға, Құран Кәрімді оқуға және білім үйренуге жұмсайды.

  2. Жүректің қорқынышы. Алладан шынайы түрде қорқу жүректен дұшпандықты, жала мен қызғанышты жояды. Себебі, қызғаныш –  жасаған жақсылықтарды жояды. Қызғаншақтық жүректегі ең үлкен аурулардың бірі екенін естен шығармаңыз.

  3. Көздің қорқынышы. Алладан қорыққан көз харам нәрселерге қарамайды. Дүниелік нәрселерге құнығушылық немесе ашкөздікпен емес, ғибрат көзімен қарайды. Өзі үшін халал болмаған нәрселерге ешуақытта көз тікпейді.

  4. Асқазанның қорқынышы. Алладан қорыққан кісі ешқашан да харам ас ішпейді. Харам ас ішу үлке күнәларға жатады.

  5. Қолдың қорқынышы. Алладан қорыққан кісі қолдарын ешқашан харам нәрселерге салмайды. Тек Жаратушыға бағына отырып сауапты нәрселерге қол ұшын созады.

  6. Аяқтың қорқынышы. Алладан қорқушы аяқ тыйым салынған жерлерге және күнә істерге аяқ баспайды. Тек қана қайырымдылық, Алланың рызалығына лайық жолда, ғалымдармен және салихалы кісілермен бірге бол үшін жүреді.

  7. Аллаға мойынсұнудағы (яғни, итағатында) қорқыныш. Алладан қорқушы кісі құлшылығын және итағатын тек Алланың разылығы үшін жасайды. Рия және нифақтан (Аллаға қарсы келуден) сақтанады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу