03.11.2021
  330


Анаға жетер жан барма?

  Сіз қазақтың "бауырына басу" деген салтын білесіздер ме? Меніде сол дәстүр бойынша ата-әжем бауырларына басқан. Менің 8айдан енді асқан кезім екен. Содан жасым 8 жасқа келгенше әжемнің үйінде болғанмын(әке-шешем бөлек шыққан). Мен 7 жастан асқаннан кейін ағам(әкемнің інісі) үйленді. Кейін келіншек мені жақтырмады. Келінінен қорқып әжем мені еркелетуді де қойды. Кейін әжем мені әке-шешеме қайтадан тапсырды. Ата-анам мені еркелетейін десе әжем өкпелеп қалады деп еркелетпейді екен. Ал мен болсам анам мені жақтырмайды деп жылайтынмын. Анам не істесе де жақтырмайтынмын. Әжемнің үйіне кеткім келетін. Осылай күндер өте берді, мен анама өкпелеп жүре бердім(Анамның мені бәрінен де көбірақ жақсы көретінін қайдан білейін!?). Бір күні ең жақын досымнан қиянат көрдім. Сол сәтте қатты қиналдым. Анам маған өз ақылын айтып, менің қасымнан табылған бір де бір жан болды.  Сол сәттен бастап түсіндім аналардың әр бір ісі мейірімнен жаратылғанын. Сен қиналған сәтте анаңдай сені уайымдап, анаңдай сені түсінетін адам болмайды екен. Қазіргі күнде анам менің ең жақын досым. Мен бұдан қуаныштымын. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу