03.11.2021
  293


Автор: Ғибратты әңгімелер

Бес тәкбірлі жаназа намазы

Риуаят бойынша атақты ғалым Хазіреті Жүнейд Бағдади бір жаназа намазында бес рет тәкбір алған екен. Жаназа намазының төрт тәкбірмен бітетіндігін білетін жамағат, бұл жағдайға таң қалып:


– Уа, Хазірет! Жаназа намазы төрт тәкбірден артық емес. Бесінші тәкбір қайдан шықты? – деп сұрайды. Сонда Хазіреті Жүнейд:


– Алған төрт тәкбірім мәйіт үшін. Бесінші тәкбір болса, бұл мәйіттен де ары «өлік» болып жүрген мына тірілер үшін алдым. Бәлкім, естерін жиып, өлім келместен бұрын оянар – деп жауап берген екен.


Иә, шынында қараңғылық, тәкәппарлық, өркөкіректік, сараңдық, қызғаншақтық, ысырап пен өкпе секілді жаман мінездер адамды адами қасиеттен жоятын дерт. Мұндай дерттер көкірек көзін соқыр етеді. Ақырында адам рухы қараңғылыққа батып, Жаратушысын ұмытыды да, күнәларға бой алдырады. Алла біздерді рухани қараңғылықтан сақтасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу