Өлеңдер ✍️

  02.11.2021
  311


Автор: Жәди Шәкенұлы

Әріптер жыры

«А» дегенім ата,
«Б» дегенім бата.
«Қ» дегенім қарбыз,
«Ж» дегенім жалбыз,
«Т» дегенім түйме,
«К» дегенім күйме.
«С» дегенім сәбіз.
«Д» дегенім дәліз,
«Г» дегенім гүлім.
«Ү» дегенім үнім,
«Ө» дегенім өгіз.
«Е» дегенім егіз,
«Н» дегенім наным.
«М» дегенім малым,
«Л» дегенім лақ.
«Ш» дегенім шырақ.
«Ә» дегенім әскер,
«Ғ» дегенім ғарышкер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Аяна 4жаста
Аяна 4жаста 30.01.2023 13:42
Мен әжесінмін әріптер айтылатын өлең сол өлеі ютубтарда айтылып жатыр сол өленді жазып жіберші

Пікір жазу