02.11.2021
  208


Автор: Нұрхалық Абдырақын

Рамкаға симайтын ойлар #3

Бисмилләәһир Раһмәәнир Раһиим.


Періштелер Алла Тағаладан адамдар өздерінің қысқа ғұмырын біліп тұып қалай, уайымсыз өмір сүреді деп сұрады. Алла Тағала адам дүниеге қызығып, өзінің өлетінін ұмытып кетеді деді.


***


Адамдар шайтан жоқ деген кезде діннен шығып кетеді.


***


Адамды жерге түсірерден бұрын Мейірімді Алла Тағала оған үлкен дастархан жайды, барлық жемістер самсып, бас иіп тұрды, жан-жануар, құстар бәр-бәрі мені қалай пайдалансаң сенікімін, тіпті, жеп қойсаңда үнсізбін деп, мақұлдан басқа сөз айтпады.


***


Еш саңлауы жоқ жаңғақтың ішінен жыбырлап жуан сары құрт шыққанда, Алланың Құдіретін танымай амалың жоқ.


***


Дүниені қуған сайын қашады, иманды қуған сайын саған жақындайды, дүние сені құйға батырса, иман сені нұрға батырады.


***


Дүниенің соңына сен шыға алмайсың, дүние сенің соңыңа шығады.


***


Бір күнді қайталап жүрсің ба, әлде әр күнің өз ізі бар ма? Ойлан.


***


Білім пайдалы болса шам шырақ, пайдасыз болса нақ тұзақ.


***


Саған өмір беріп тұрған Алла Тағала үшін қанша уақыт бөліп жүрсің?


***


Қанша жылыңды әлде біреулердің жасап қойған жүйесіне беріп жанбағыс қамы деп, пайдасыз білімді қуып болдың ба? Енді шын пайдалы білімге бұрыл.


***


Біздің қазақ әлі бөгде діндегілердің мерекесін асыр сала тойлап жүр, толық мұсылмандықты қашан ұстанамыз?!!!, сол надан адамдардың кесірі жалпыға тимесе екен.


***


Ахметпек Нұрсила деген ұлт жанашыры ұлт денсаулығына зиянды ішімдіктерді зарлап айтты-ай келіп, тіпті кола ішкендерге болсын деп, қолын теріс жайып бата да берді, тоқтаған қазақ жоқ әлі коланы обырланып ішіп жүр... қазақтың шын кейпі осы...


***


Екі дін ұстанған адам мүшрик болады, бізде көп дін ұстанатындар жетеді. Әр діннің өз нәпсісіне ұнайтынын жұлып-жұлып алып қолданып жүр... Оны не дейміз, баяғы көп құдайлы надан қауымға ұқсап қалған жоқпыз ба?


***


Кім қандай бір қауымға ұқсаса содан.


***


Семіздікті қой ғана көтереді деп бұрынғылар айтқаны айдай келіп, 30 жылдық тыныштықты, тоқшылықты, қазақ көтере алмай, бүгінде Алла сақтасын мінездері қатты өзгерді, бастарынан шөкімдей сөз асса болды, интерниеттің ішін ұлар-шу жасап жатады. Елге ақыл айтып, сөз ұстанған ақын-жазушылар «сенен мен мықыт» деп, бірін-бірі тыңдамай құрлытайларында елге күлкі болып, қырғын ұрыстың көрігін қыздырып жүр.


***


Алла Тағала кезіндегі  өзін құдай санаған Перғауынға ескерту жасап, жұқпалы ауыру, бит апаты, шегіртке апаты, жылан апаты, суларына қан қослыу апаты сынды апаттарды жіберіпті, алайда жабайы нәпсісі еш көнбей өзінің аюандығын жасай бергенде оны қауымымен суға тұншықтырып өлтіріпті, бізге сабақ болсын деп денесін құмның арасында ұзақ жыл сол бойы сақтапты, бүнгіде өзін өзі сыбап тұрған Перғауынды барлық адам көреді, бірақ сабақ алмайды. Алла сақтасын оның прамидаларына тамсанатындар да бар...


***


Бүгінгі адамдарда шектен шығып күнаның батпағына тұншығып барады, Алла Тағала ескерту жіберіп, бір грам вирос 2 милион адамды сеспей қатыратын күшпен жер бетіне жіберді, адамдар еш ойланбастан баяғы әдеттеріне басып, ауырған адамдардың айналасынан ақша жасап, жанталасуда Алла сақтасын.


***


Алты бақан алауыз болып, тыныш күнде қазақ қайта-қайта көшеге шығып, бір деңе іздей беріп еді, сары орыстың аузына Алла Тағала жеріңді басып аламын, бұрынғы құлдық хамытыңды қайта кигізе саламын деп қазаққа қатаң ескертті. Біз ойлансақ етті. Барлық істің артында Алла бар.


***


Оқыдық көзіміз ашылды дегенмен әліге өзіміздің не істеп жүргенімізді білмейміз, нағыз надандық...бұл қандай мереке, қайдан шықты деп, бір сәт ойланбаймыз... басқалардың дінни мерекесіне дастархан жайып, аумин деп Алла сөзін айтып дұға жасап Алланың ашуын туғызып жүрміз.


***


Алланың калам ілімін оқытқанда ер мен әйелді қатар отырғызып сабақ өтіп жүрміз Алла сақтасын, бұл Алланың Һақарын төгетін іс...


***


Біз өз ісімізге емес, Алланың ісіне көп араласатын болып бара жатырмыз...Алла сақтасын...


***


Бүгінде ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білмей қалдық, дұрыс нәрсеге үрке қараймыз, өз анасын танымаған мәңгүрттің күйін кешкен біздерді Алла кешірсін.


***


Бұрынғы үлкендер ауырып соңғы демде жатсада, шүкір, Аллаға шүкір жақсымын дейтін, қазіргілер сап-сау жүріп шүкірі жоқ.


***


Әр сәт сайын Жартушыны еске ал, Олда сені еске алады. Сонда жаның тыншып, күнаң төгіледі.


***


Әр кімнің ісі Аллаға аян, өзі есебін береді, сен басыңды ауыртпа, саған зиян берседе Аллаға тапсырда кете бер.


***


Құлшылық Жартушы мен құлы ортасындағы жіңшке нәзік сыр, сен оған араласпа.


***


Барлық іске барыңды салып себебіңді жасада, нәтижесін Алладан күт.


***


Біздің заң деп жүргеніміздің жартысы нәпсінің қалауынан басқа ештеңе емес.


***


Жұртқа жоныңды көрсетіп шаршама,өзіңді дәлелдеме, Алла біледі.


***


Жолдардың бәрі бақытқа апармайды, өз жолыңа қара, Құран мен хадиске сай ма.


***


Тарихқтағы патыша, хан сұлтандарға көз сал, ойлан. Ақша мен мансап ешқашан адамды бақытты еткен емес, керісінше бақытсыз етіп жанын алған.


***


Тақыр кедейліктен сақта деп, дұға қыл. Артық байлықтан сақта деп те дұға қыл.


***


Адам өте әлсіз, өзін ешқашан түзу алып жүре алмайды. Сол үшін де Алла Тағала адамды жаратқан соң пайғамбарларды адамдар арасынан шығарды, айналасын тәрбиелесін деп Өз сөзін түсірді.


***


Асықа, Алла қалаған сәтте барлық ісің өз орнына келеді, тек сен дұғамен есік қағудан жалықпа.


***


Алыстан көп нәрсені күткенше, жақынға көз салып, айналаңды нұрландыр.


***


Тез табысқа жетем деп жанталаспа, Алла қаламаса ештеңе болмайды.


***


Қар жерге түссе аппақ күйде жатпайды, сол сияқты сенде күналы ортада болсаң кірлейсің, ортаңа көп мән бер.


***


Тақыр бас, тесік құлақ, тар шалбарлы жігіттер қайда бара жатыр, ұрпақ азбасын, ел тозбасын деп көп дұға жасауды ұмытпайық.


***


Үлкен іс бастарда өзіңді тыңда, көңілің тартпаса зорланба. Әйеліңді тыңдама. Өзіңе қатты сенбе және жаныңа өте жақын алма, оның нәтижесін ойлан, білетін адамнан кеңес сұра.


***


Сен сенген нәрсе, Алланың жанында түкте емес, барлық кезде Аллаға сүйен. Шамаң келгенше себебін жасап, қалғанын Аллаға тапсыр.


***


Бұл өмір өткінші, шын екен деп қатты беріліп, елдің көңілін қалтырып, кісі бетін жыртпа.


***


Өмірдің мәні Жартушыны тану және оған бас қою.


***


Дүние ісі кешіксе басқа уақытта реттеп аласың, ал Алланың ісі(намаз) кешіксе кетті. Оның сұрағы ауыр болады.


***


Ілім де білім де тек Алла қалаған кезде қонады. Өзім игерем деуің бекершілік.


***


Өмірді қоңыр салқын сүй, Алланы жаныңмен сүй. Аллаға жақындаудың жолы Аллаға жақындарға жақындау.


***


Мета физикалық әлемдердің шексіздігіне адамның ақлы жетіп болмайды. Ғайып ісі деген сол.


***


Аллаға құлшылық жасада өзіңді аяма, нәпсіңді ез.


***


Адамның ақылы кемшін болған соң, Алла Тағала адамдар арасынан Хикметін кеудесіне құйып пайғамбарлар жіберді.


***


Әулие- Алланың досы, Пайғамбардың мирасқоры, ғалымдардың ақылшысы, хандардың пірі, адамдардың ұстазы.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу