02.11.2021
  136


Рамкаға симайтын ойлар #4

Бисмилләәһир Раһмәәнир Раһиим.


Кейбір тірі жрегендер бар, бірақ өлі, кейбір өлілер бар, бірақ тірі.


***


Жаңбыр жауады бізды жарылқап, көктемдегі нисан жаңбыры барша ауыруға шипа, қысқы өлі тіршілікке жан береді.


***


Адам еш адаспайды, Пайғамбарға байланса.


***


Ер мен әйел тамақ жейтін қос таяқша сияқты, екеуі бірлескенде ғана отбасын бақытқа бөлейді.


***


Балам жақсы болысын десең, Құнанбайша істе. Ол Абайды өзі араз болған елге бітімге жіберіп отырған.


***


Жақсы кісі бейшаралық халын елге жая бермейді.


***


Ел біздікікі, жер біздікі оны біз жақсы көрмесек кім жақсы көреді.


***


Патшаны жақсы қылатын да, жаман қылатын да өзіміз.


***


Балаңды 6 жасқа дейін еркелет, 13 жасқа дейін құлша жұмса, керек болса аздап таяқта. Одан кейін дос бол. Барлық сатыда мейір төк, өзіңе қайтады.


***


Көшедегі сызықты басып кетсек көлігімізге шытырап келеді, ал Алла Тағаланның белгілеген сызықтарын еш қымсынбай басып жүре береміз.


***


Балықтар желбезегімен үздіксіз Жартаушысын зікір етеді, зікірі тоқтаған кезде балықшының қармағына ілінеді. Құлшылығыма бір кері әсері болар деп, Қожа Ахмет Иассауй шәкірттері ауызына салмапты.


***


Өзімізді өзіміз алдап қартайғанша оқу оқып, ақшағада, басқағада жарымай  үл-қызымыз сұр бойдақ күн кешіп, біреулердің қолдан жасаған жүйесіне жастығымыз бен жиғанымызды беріп жүрміз.


***


Бүгінде Scopus,  Tomsun журнадарына мақала шықпаса, ғалым тұрмақ, адам болмай қалдық. Ол тұнып тұрған ақша жасаудың бір жаңа жолына айналды. Ғылым содан кейін.


***


Қажылық келгеннен кейін ғана басталады.


***


Адам Алла жолында түк бермей кедей болады, бергенге Алла еселеп береді.


***


Кейбір адамдар сырты жалтыраған батысытқтарға қарап, өзін, шығысын менсінбей, мешеу сияқты көреді. Шын мәнінде, олардың ғылымның бәрін бізден ұрлаған. Шындық іште болады.


***


Біз тамсанып жүрген батыстықтар толығымен өздерінің лас нәпсісіне тамаша ерік беріп, соны сыртқа үгіттеп жүргендер, ондан басқа түкте емес.


***


Отбасы құндылығы, ер-әйел қызғанышы, әке-бала-ата сиымдылғы болмаған қоғамның қызығатын түгі жоқ, тек құлдырау, ғылымдағы жетістік ол жар басындағы жапалақша тірлік.


***


Адамда үш түрлі сана болады, бірі хайуандық, екінші жуас бейтарап сана, үшінші адамдық сана. Адам өзін үздіксіз тәрбиелемесе не жуас санада не хайуандық санада өмір сүреді.


***


Ақшағана бізді бақытты етеді дегендер адасқан. Артық ақшаны дұрыс пайдалана алмасаң басыңа екі дүниеде азап әкеледі.


***


Кімге болсын сіздікі дұрыс деп сөз бастап өз көзқарасыңды толық білдір.


***


Ешкіммен дауласпа, сөз таласау шайтаннан, ол араңды ашудан басақ ештеңе емес.


***


Әр кім өз жолымен жүреді, көкірегінде адамдық санасы бар болса, түбінде тура жолды табады.


***


Сіздікі дұрыс болсада, біреуді өз дегеніңе көндіруге тырспа, білгенін жасасын, қайтып айналып келеді саған.


***


Сенікі өзіңе, менікі өзіме дұрыс деп, дауды тоқтатыңдар. Көп сөзің арты көп реніштерді әкеледі.


***


Өзінің жаман нәпсіңдікі болма, әр кез Алланыкі бол.


***


Сырыңды Аллаға айт, Одан шын сұра.


***


Ақшасы бар болсада,  қашанда кедей, тек аузында «жоқ» деген адамдар бар, ал түгі жоқ болсада «шүкір» деп күн кешетіндер бар.


***


Қалтасы алтынға толсада, жүректе байлық болмасол нағыз кедей, қалтасында көк тиын болмасада көкірегі бай адам нағыз бай.


***


Дүние үшін, тән азығы қандай жаныңды қинап, азанан кеш батқанша тынбай шабасың, ал жан азығы, ақырет үшін не жасап жүрсің?!!! Еңбек етпей жәннат жоқ.


***


 Келесі дүние, бұл дүниенің көшірмесі.


***


Алланың тәртібіне бойсұн, жанның тыншиды, іздегенің өзі келеді.


***


Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің екі қапталында үлкен әріптермен ей адамдар, Аллаға бұйсұнған хәлде өмір сүріңдер деп жазылған. Сен қаншалық бойсұнып жүрсің, өзіңді есепке тарт.


***


Осы дүниеде бір заңды бүлдірсең жазаланасың, ал Алланың заңы одан әлде қайда қата. Өзің үшін тиыл күнадан. Алланың азабы сол күнанның ішінде жасырынған, ал рақымы ізгі амалдың ішінде жасырынған.


***


Атақты «Тарих-и рашиди» кітабының кіріспесі: «Ей, патышалық иесі Алла!» деп басталса, бірінші тарауы: «Пенде Аллаға тек бас иуге міндетті» деп жалғасады. Ғұлама Мұхамед Айдар Дулат атамызға Алланың рақымы болсын.


***


Сыртын әдемілеп, ішін кірлеткендерге жаның ашиды.


Оларға еліктеп жүргендер тіптен күлкілі.


***


Ғылыми атақ бұл күнде тек мансапқа жетудің бір баспалдағы болып тұр, сонда ғылыммен кім айналысады?!!!


***


Ақтаңлақ, өтпелі кезеңдегі, тәрбиесі қараусыз қалған ұрпақтар басшы болып келіп жатыр басымызға Алла сақтасын.


***


Білім әуелде ол сенің өзіңді көретін құрар. Сосын айналасына пайдасы тиеді.


***


Қылымыс көп жерде сақшы семіз. Сот семіз.


***


Ауыздан сүйіп амандасып, зина қалыпты тірлікке айналған қоғамда әйел кімнен бала тапқанын білмейді.


***


Ғылыми атаққа қол жеткізу мансапқа, мамық орынға қол жеткізудің баспалдағы болып тұр... Елде қайдан ғылым болсын, қайдан дамыған ел болайық. Таза нәрсені жаман нәрсеге қолдансақ.


***


Басшы болатын адамның он екі қаситін атйтапғанда, әу баста онда сөзін қарысы жаққа әдемілеп жеткізе алатын және адамдарға шабыт беріп, жігерлендіре алатын қаблет болмаса ол басшының өзі тұрған бір масыл.


***


Адамда ең әуелі теориялық білім, сосын практикалық білім, одан соң ой түйю, ең соңында жаңалық ашады.


***


Адам бола алмай жүріп, маман болған, отаншыл болған адамдар күкілі.


***


Ит қасқырдың туысы, бірақ ол тамақ, жылы төсек үшін қасқырға қарсы үреді.


***


Елдің жақсыларын, таланты адамдарын, дарынды жастарын билік ел үшін пайдаланса шіркін. Болмаса аңдып жүргендер көп оларды.


***


Өзін мұсылманымын деп, намаз оқымайтын адам, дастарханға қарап отырып,  қарны аш болсада тамақ жемейтін жанға ұқсайды.


***


Жұмаға бармай, асқа асығып кетіп бара жтақан адам қазірге теңеуі жоқ тіршілік.


***


Бір қоғамда байда, кедейде күн кешуде, орташа адамның ақшасы азайса  аштан өліп қаламын ба деп байбалам салуы не қылық?!!!


***


Жаман мінез жабайылық, ол өз сорың. Жақсы мінез жұмсақ төсегің, ол өз бақытың.


***


Дүниені қатты жақсы көрсең ол бірде сені итқып үргізеді, бірде жыланғып шақтырады, бірде түлкіғып алдатады, бірде қасқырша жұлыстырады....


***


Өзіңді артық жақсы көріп кетсең жерге, ададмар арасына түсе алмай қиналасың.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу