02.11.2021
  388


Автор: Әкім Ысқақ

Алтыным!

Сенбесе - ақталма,
Көрмесе - мақтанба,
Бермесе - өтінбе,
Жеңбесең - өкінбе!
Бар болса - тасынба,
Жоқ болса- ашынба,
Бар ғажап - асылда!
Үмітің - серігің,
Ақылың - көрігің
Ешқашан қамықпа!
Ұмтылғын жарыққа
Алдымен кіммен дос
болуды анықта!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу