Өлеңдер ✍️

  02.11.2021
  324


Автор: Әкім Ысқақ

Сұрақтар-ай, сұрақтар


Сұрақтар-ай, беймазалық сұрақтар...
Əрбір сəтте маздайтұғын сұрақ бар.
Бұлт басқанда көңілдегі күн көзін,
Сақтап қалар сабырыңды сыр төзім
Өлтіреді таудан түскен бір сөзің.
Уа Тəңірім!
пендеңді көп сынадың,
Кейбір сəтте сынақтан сен құладың,
Ең қиыны - өзге емес, ойланшы,
Өзіңе өзің қойған ащы сұрағың!

Ойға алсаң адамдық пен парызды.
Сұрақ деген таусылмайтын тәрізді
Əр сұраққа жауап іздеп қиналар,
Жақсылыққа құштар көңіл жаны ізгі.
Намыссыздық саясынан жырақ қал,
Ар алдында қаймықпастан сыр ақтар.
Шыжғырады, оттай қарып жаныңды,
Қарсы алдыңнан қасқаятын сұрақтар.

Ізгі мақсат- жарқырауым, жануым,
Адамдарды іздеуім мен тануым,
Өзгелермен күресте емес,
Жеңіліс-
сұрағыңа жауап таппай қалуың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу