02.11.2021
  228


Автор: Әкім Ысқақ

«ТІРІЛЕРДІҢ ҚАТАРЫНДА БОЛ...»

Жетінші сыныпта оқып жүргенімде ғой, көктем кезінде отырғызған көшетімізден біреуі артылып қалды. Бойы бір метрден сәл асатын әлсіз əрі шағын ғана болатын. Жарамсыз деп табылған əрі ешкімге керек болмаған соң оны Әбдісейіт ағайдан сұрап алдым. Асығыс алып келіп, үйдің артына күн сəулесі түспейтін тұсқа отырғызайын деп жатқанымды көріп қалған Сұлтан атам:
- Әкім, көшетті көлеңкелі, қатты жерге емес, күн түсетін, су баратын жұмсақтау жерге отырғыз,- деді.
Артынша өзі дұрыс жерді белгілеп берді. Атам ұстап тұрды, мен жерді қазып, қондырып, түбіне су құйдым. Сондағы атамның айтқаны:
- Бұл да тірі дүние, қамқор болмасаң өспейді. Ақыры қолыңа алдың ба, оның тірілердің қатарында болуына ықпал еткін.
Содан əлсіз көшеттің қатарға қосылуына бар ықылас-ниетімді арнадым.
Атамнан қалған бұл белгі бүгінде алып бәйтерекке айналды. Жыл сайын келгенде тағзым етіп, сырласқандай боламын. Биыл да ауылға барып, құрбандық шалып, құран оқыттым. Еңселі ағаш менмұндалап, көзге ыстық көрінеді. Ия, тірілердің қатарында болғанға не жетсін?! Атам жарықтықтың осынау сөзін жиі еске аламын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу