02.11.2021
  1040


Автор: Әкім Ысқақ

ҚАРАҒАЙ МЕН СІРІҢКЕ

(мысал)

Сіріңкенің бір шырпысы, атамекен орманға келеді. Кішкентайынан өзге жерде өскен, үлкен орындарда жүргендіктен бе, Шырпы тым тәкәппар еді. Ешкім де оны дұрыс қарсы алмайды. Бұған ол ашуланды.
- Ей, туыстар! Неге мені менсінбейсіңдер? Бұлай менің намысыма тимеңдер. Менің құдіретімді білмейсіңдер. Күкіртімді тұтандырып, бүткіл орманды өртеп жіберемін. – деп шіренді.
Сонда, қарт Қарағай:
- Ей, балақай! Өзіңнің шыққан ортаңды аяла. Сені ешкім танымайды, себебі сен еліңді іздеп келген емессің. Елге жасаған ешқандай жақсылығың жоқ. Сөзіңді сөйлейтін де, көбеюіңе қол ұшын беріп жүрген осы жер. Егер өзің жанып, орманды өртеп жіберсең тек күл қалады. Онда ол отаныңа деген сатқандық. Жоқ еткенше, бар етуге атсалыс. Туған жеріңді құрметте. Сонда ел де сені қадірлей түседі. Елді қадірлегеннің ырысы мен берекесі көп – деген салиқалы кеңес береді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу