02.11.2021
  270


Автор: Әкім Ысқақ

Қазақта жеті қазынаның бірі – ит. Оны ер жігіттің өмірімен байланыстырады. Дала көшпенділерінің серігі, құндылығы деп есептеген. Бөржардағы үлкен үйде Құтжол деген ит болды. Өзі қозы жаяды. Шетке лағып кеткендерін лезде кері қайтаратын, қайтатын кезде өзі алдына салып, айдап келетін. Үйден бір адам сонау қырға биені арқандауға шықса, бірге барып, бірге қайтатын. Үйге келген қонақты үнсіз қарсы алатын. Ал егер ол айқайласа ырылдап, үре бастайтын.
«Жақсы ит өлігін көрсетпейді» деген рас екен. Ауырып жүргенінде жоқ болып кетті. Үйленіп, жас отбасы болғанымызда да қолға ит ұстадық. Ақтабан деп айтушы едік. Оның қасиеті сырттан қонақты өзіңмен бірге үнсіз қарсы алатын. Егер сол қонақ үйден жалғыз шықса, көшеге дейін шығарып салады. Тек ойланып, қайтып үйге кірер болса, ырылдап, айбат шегіп кіргізбейтін. Жалпы, сырттан бөтен адамды, малды, үй маңына мүлдем жолатпайтын.
Құрманғазы қайтыс болғанда да иті ешқандай тамақ ішпей, қыңсылаған күйі аза тұтып жатып алды. Қанша тамақ берсе де мұңайған күйі қайғыра түсті. Бірнеше күннен кейін ол да өмірден өтті. Міне, иттің иесіне деген шынайы алалдығы. Иә, ит – адал досың болғаны қандай жақсы. Ал досыңның ит болғаны – бәрінен жаман.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу