02.11.2021
  374


Автор: Әкім Ысқақ

Отанның сәні – өз ұлты, үйдің сәні – ата-ана мен бала, көңілдің сәні – ізгілікті сөз бен ықылас болса, мен үшін өмірдің сәні – жақындарым, достарым, шын ықыласты тілеулес жандар. Өмірді көркейтетін де, көңілді көріктендіретін де – солар!
Бақытым да, берекем де – қазағым! Базарым да, ажарым да – қазағым! Тірегім де, жүрегім де – қазағым! Тағдырдың тауқыметімен сыртта қалып, атамекенді аңсап жеткен ағайындарды, сын сағатта қасымнан табылғандарды ұмытпаймын. Ең бастысы бәрінде де ұлт мүддесіне үн қоса білетін, Атажұртқа деген ыстық махаббат, ұланғайыр сығыныш басым. Елім деп еміренетін, жұртым деп жұмыла қызмет ететін, қазағым деп қаймықпайтын, намыстың туын ұстаған туыстарым мен үшін өте қымбат!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу