02.11.2021
  227


Автор: Әкім Ысқақ

Балық сусыз өмір сүре алмайды.
Адам адамдарсыз өмір қадірін біле алмайды.
Қайғы мен азаптағы жан жарқылдап жүре алмайды.
Анасы тастап кеткен бала, шаттанып күле алмайды.
Жетім бала жаутаңдап еркін, өмір сүре алмайды
Өзінде ештеңе жоқ, өзгеге ештеңе бере алмайды.
Сенімін жоғалтқан жан ғана өзін жеңе алмайды.
Қараусыз қалған қария өз шаңырағына келе алмайды.
Күш-жігері жоқ тау түгіл биік қырға да шыға алмайды.
Өзгенің бәрін кінәлай берген өз қадірін ұға алмайды.
Опасыз, тұрақсыз жан айтқан сөзде тұра алмайды.
Не десек те су екеш судың да жайы сұралады,
Нағыз мықты ғана сынаққа қарсы тұра алады.
Тектілер жаманның өзін жақсылыққа қарай бұра алады
Өзін-өзі жеңгендер бақытты өмір құра алады.
Жақсылар ғана, тілеулес боп өзге жанды ұға алады.
Өмірдің тылсым сыры, сан қыры бар,
Әркімнің осылай өз жолы, өз тағдыры бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу