02.11.2021
  551


Автор: Әкім Ысқақ

Өмірдің қарама-қайшылығы ойыңды сан-саққа жүгіртеді.
Бір адам дүниеден өтсе, бір сәби шырылдап дүниеге келіп жатады.
Біреу бала туып тастап қашса, енді біреу сол бір балаға жете алмай, өмір бойы зәру болып келеді.
Біреу ашық күнде адасып жүреді.
Біреу қараңғы түннен жол таба біледі.
Кейде жаныңдағы жақының алыстап кетеді.
Алыстағы бір жан жақының болып жетеді.
Бір қария жүзден асса да өмірді қимай, көзі жасқа толып барып дүниеден өтті. Ал бір жас өзіне өзі ине қадап, нашақорлықтан уланып, қыршын кетті.
Біреулердің өмір сүріп жүргені біреулердің бар азабы, қайғысы секілді.
Біреу өзге бір жан үшін өмірін қиып жатса, біреу туған әкесінің жаназасына бармайды.
Біреу өзге бір жан үшін жанын қияды, енді біреу туған анасын немесе әкесін қартайған кезінде көзін мөлдіретіп, жүрегін елжіретіп қарттар үйіне табыс етеді.
Біреуде бар, біреуде жоқ, «Бір кем дүние» осылай өтеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу