02.11.2021
  353


Автор: Әкім Ысқақ

Біреу жылайды, біреу күледі.
Біреу басына іс түсіп, зар қақсайды, біреу мүлдем ойсыз... пісте шаққанына мәз.
Біреуге ой керек, біреуге той керек.
Біреуге адам қымбат, біреуге алтын қымбат.
Біреу тапқырлық жасайды, біреу сатқындық жасайды.
Біреу уақыт жеткізе алмай әуре. Біреу уақыт өткізе алмай әуре.
Біреу бауырын іздейді, біреу «бульдогын» іздейді.
Біреу өледі, біреу оны көмеді.
Біреу дүниеден өтсе, біреу қайғырса, біреу «енді маған жол ашылды» дейді.
Біреуді жерлеп жатып, біреуді қабір басында әзілдескенін көріп, төбе шашың тік тұрады.
Біреу қызметтен тайып тұнжыраса, біреу «енді бастық мен болатын шығармын» деп дәмеленеді.
Біреу аяғын шалыс басып күңіренсе, біреу қайғысына ортақтасқансып сырты жылап, іші күліп «ә, бәлем, өзіңе сол керек» деп тұрады.
Бәлкім, «өмір – жалған» -деген осы шығар?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу