02.11.2021
  227


Автор: Әкім Ысқақ

Саналы адамға шексіз мүмкіндік берілмеген. Тыраштанып «көтере алмас шоқпарды белге байлау» кімге керек? Жүректе сақталған ынсап пен қанағат жақсылыққа, иманға жолдас бола біледі. Мәселен, көлік сатып аларсың, бірақ жүрер жолыңды сатып ала алмайсың ғой. Тіпті кеме де сатып аларсың, бірақ бүкіл теңізді сатып ала алмайсың ғой. Қанша құдіретті болсаң да, кезінде қадірін түсінбеген ата-анаңды қайтарып ала алмайсың.Қанша мықты болсаң да оралмасқа кеткен өткеніңді бүгінгі күнге алып келе алмайсың. Қанша ақшаң көп болса да, адал достық пен шынайы махаббатты сатып ала алмайсың. Ал арсыз жан күнде сатылуы мүмкін. Бірақ арлыны сатып ала алмайсың.Сол қимас, аяулы, ардақ қасиеттерімен адам да ғажап, жарық дүние де керемет! Есіңде болсын, мына өмір осындай сатылмайтын дүниелерімен құнды емес пе?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу