02.11.2021
  1646


Автор: Жібек Ысқақова

Әке: 70 жас мерейтойға туған күнге тілек

Жетпіс жасқа толып жатсыз әке бүгін,
Құтты болсын бүгінгі туған күнің.
Саулығыңыз мықты болсын жан әкешім,
Әр күн сайын ашқызып күн түндігін.

Немеренің қуанышын, көр қызығын,
Шаттығыңыз жан әке ортаймасын.
Бар жақсылық орналып, бар қуаныш,
Басыңыздан әкешім бақ таймасын.

Жүз жасаңыз, ғасыр тойын тойлаңыз сіз,
Көңіліңізде қайғы-мұң, болмасын сыз.
Ортамызда жүрсеңіз бал бұл жайнап,
Жан әкешім біздерде бақыттымыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу