Баталар ✍️

  02.11.2021
  566


Автор: Жібек Ысқақова

Мүшел 73 жас батасы

Алтыншы мүшел оң болсын,
Саулығыңыз зор болсын.
Қонаққа барсаң әрдайым,
Шығар жерің төр болсын.
Көңілдің күйі шаршамай,
Қуанышың мол болсын.
Аман болып отбасың,
Айтар сөзің жөн болсын.
Жетпіс үш жас бақ беріп,
Бар жақсылық тап келіп,
Шаттығыңыз көп болсын.
Іштей жанды жеп тынар,
Қатарынан кеп тұрар,
Уайымыңыз жоқ болсын.
Жаратқан ием жар болып,
Бар жақсылық бар болып,
Бақытыңыз көп болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу