Баталар ✍️

  02.11.2021
  1008


Автор: Жібек Ысқақова

Мүшел жасқа бата, 61жас

Жаратқан ием жар болып,
Арайлы атар таң болып.
Бесінші мүшел оң болып,
Бар жақсылық орнасын!
Әрбір ісі жөн болып,
Денсаулығы зор болып,
Несібесі мол болып,
Бар жақсылық орнасын!
Жаңа мүшел бақ беріп,
Қуаныштар тап келіп,
Шаттығы мол сәт келіп,
Бар жақсылық орнасын!
Алпыс бір жас жатталып,
Көңілдің күйі сақталып,
Барлық үміт ақталып,
Бар жақсылық орнасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу