Баталар ✍️

  02.11.2021
  1246


Автор: Жібек Ысқақова

37 жас, мүшел жасқа арналған бата

Қолдарыңды жайыңдар,
Қанекей бата берейін.
Қол жайған мына жамағат,
Үстем болсын мерейің.
Отыз жеті жас келіп,
Үшінші мүшел тербеліп,
Есікті ашты жаңа жас,
Шаттандыра, дем беріп.
Ашық болсын аспаның,
Шаттықты боп жас жаның.
Көңілдің күйі солмасын,
Жақсылық боп тосқаның.
Асқақ болсын арманың,
Аман болып мал жаның.
Шарықтай бер, өсе бер,
Биік болып талғамың.
Алтыннанда аялы,
Қадыры кетпей қолдағың.
Алла өзі жар болып,
Шаршамағын, тоңбағын.
Мүшел жасың оң болып,
Арта берсін зор бағың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу