Баталар ✍️

  02.11.2021
  381


Автор: Жібек Ысқақова

25 жас мүшел жасқа бата

Қанекей бата берейін,
Арта берсін мерейің.
Жиырма бес жас мүшелге,
Сөз маржанын терейін.
Мүшел жасың сыйласын,
Жаныңа үлкен қабылет.
Раббым Алла жар болып,
Ақ батаны қабыл ет.
Жиырма бес жас иесін,
Ақылы көп, дарынды ет.
Мықты етіп саулығын,
Ойы ұшқыр, қарымды ет.
Ашық етіп ақ жолын,
Әрбір ісін жағымды ет.
Ата-баба жар болып,
Әрбір ісі оң болып,
Жанар оттай жалынды ет.
Қанаттары талмасын,
Биікке өрлей самғасын,
Жақсылықтың қамын ет.
Жаратқан ием Құдайым,
Ақ батаны лайым,
Өзің жар боп қабыл ет!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу