Өлеңдер ✍️

  01.11.2021
  327


Автор: Әкім Ысқақ

Мәуемнен сол дәм татыңдар, Адамдар!

Қыркүйектің үшінде мен туыппын,
Күздің күні күлімдеппін, күліппін,
Қоңырқай шақ жып-жылы леп аймалап,
Жүрегіме сағынышын түйіппін...

Сазды әуенді сар даладан іздеген,
Сар даланың сардарымыз біз деген!
Сағынамын қаңбақ қуған белдерді,
Сондықтан да іңкәрмін-ау күзге мен.

Нәзіктіктен жан-жүрегім жарадар,
Жарасына дауа іздегем даладан...
Даламыздың мәуелейтін кезі бұл,
Мәуесінен нар алатын бар адам.

Ел мұңынан, жер нұрынан нәр алған,
Көкірегімде меніңдағы мәуем бар,
Күздің күні мөлдіреген шырыны
Мәуемнен сол дәм татыңдар, Адамдар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу