Өлеңдер ✍️

  01.11.2021
  483


Автор: Әкім Ысқақ

Қазағым

Қазағым – ұлы елім, Қазағым – тағдырым,
Қазақ деп өтеді әр минут, әр күнім!
Ұрпақтық парызым - айбынды айбарым,
Арымдай қымбатты көк туым - байрағым.
Қазағым қорғаным - айнымас тірегім,
Қазақ деп соғады намысты жүрегім!
Сөнбейтін сәуленің өшпейтін нұрымын,
Талмайтын қанаты текті ұрпақ ұлымын!
Бір-ақ рет өлемін, өлмеймін жүз рет,
Қазағым мен үшін мәңгілік құдірет.
Жігерлі жанымды от болып өртеген,
Қазағым мен үшін тым биік мәртебең.
Домбыра үніңнен сиқырлы саз ұғам,
Қазағым сатылмас ең құнды қазынам!
Рухыңа бас иіп, отыңа күйемін,
Ардақтап атыңды, анамдай сүйемін!
Қазағым – өмірім, Қазағым – тағдырым,
Өзіңмен өтеді әр минут, әр күнім!
Қазаққа жаны ашып, қазақты ойлаған,
Сүйемін адамның барлығын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу