Өлеңдер ✍️

  31.10.2021
  3159


Автор: Жібек Ысқақова

Туған күнге тілек: 50 жасың құтты болсын құрбым

Елу жасқа аяқ бастың бүгін құрбым,
Шын жүректен құттықтайды бүгін құрбың.
Бар жақсыны тілеймін мен өзіңе,
Жайқалсын деп жадырап өмір гүлің.

Жастан жасқа амандықта жете берші,
Алла өзі жар болып қуандырып.
Мерейтойдан мерейтойға жете берші,
Айналаңды құлпыртып, нұрландырып.

Көңіліңде жайма шуақ жаз орнасын,
Отбасың мен бала-шағаң болып аман.
Жүз жасағын жан құрбым Алла жар боп,
Өз ортаңда абыройың артып бағаң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу