31.10.2021
  1639


Автор: Жібек Ысқақова

Құда: мерейтой 50 жасқа туған күнге тілек

Ашық жарқын мінезді құдам менің,
Құтты болсын туған күнің бүгінгі.
Елу жасқа толып жатсыз Алла қолдап,
Арнайыншы өзіңізге жыр гүлімді.

Жастан жасқа амандықта жетші құда,
Отбасыңды бақытты етші құда.
Бар жақсыны арнайтын барша жанға,
Өзіңіз ғой жаны жасаң, текті құда.

Деніңіз сау болсын құда, ауырмаңыз,
Нұрға бөлеп жаныңызды әр таңыңыз.
Жүз жасаңыз құдеке Алла жар боп,
Аман болып лайым мал жаныңыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу