Өлеңдер ✍️

  31.10.2021
  1075


Автор: Жібек Ысқақова

Әпке: мерейтой 40 жас туған күнге құттықтау

Құтты болсын туған күнің әпкем менің,
Жан дүниеңді құлпыртып, жырлы етемін.
Бар жақсысын сыйласын мерейтойың,
Көктемдейін құлпырған гүлді етегін.

Жанарыңыз күлімдесін, шаршамаңыз,
Өзіңіз деп жан әпке ән саламыз.
Адал жүрек, мейірімді көңіліңіз,
Білесіз ғой жан әпке баршаға аңыз.

Деніңіз сау болын әпке, жымиыңыз,
Амандықты тілейді бұл үйіңіз.
Қуанышта, шаттықта үн қатсын тек,
Биіктіктен құламай бұл күйіңіз.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу