Өлеңдер ✍️

  31.10.2021
  2341


Автор: Жібек Ысқақова

37 жасқа тілек, ағам туған күніңмен

Жүрегі кең дархандай асыл аға,
Туған күнің құтты болсын бүгінгі.
Жаңа жасың қуанышқа бөлей берсін,
Сәттілікте жалғап әрбір күніңді.

Отыз жеті, үшінші мүшел жасың бұл,
Құтты болсын дан аға Асқар таудай.
Бар жақсысын арнайтын біздерге бұл,
Нұрын шашар жан аға атар таңдай.

Аман болсын отбасың, жақындарың,
Денсаулығың мықты болып жан аға.
Жастан жасқа амандықта жете бергін,
Арайлы да шуақты атып таң аға.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу