30.10.2021
  1061


Автор: Жібек Ысқақова

Отыз жас, қарындасым туған күніңмен

Қарындасым, қарлығашым құтты болсын,
Отыз жасың бүгінгі келіп жеткен.
Жан дүниең шаттық пен нұрға толсын,
Күндерің сенің көп болып бақытты еткен.

Жанарыңнан қайғы-мұң көрінбесін,
Күлім қағып көздерің, бақытты бол.
Ай дидарлы ажарлы қарындасым,
Күн тілеймін өзіңе бақыты мол.

Бар бақытын сыйласын отыз жасың,
Бір өзіңсің гүл жайнаған қарындасым.
Алла өзі жар болып бір өзіңе,
Қарлығашым әрдайым бағың жансын



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу