30.10.2021
  3107


Автор: Жібек Ысқақова

30 жас, ағама мерейтойға тілек

Орда бұзар отыз жасқа толдың аға,
Құтты болсын туған күнің келіп жеткен.
Бет түзейтін жан аға, сен мұнара,
Жадырайтын, жайнайтын көңілің көктем.

Отыз жасың бар жақсыны алып келсін,
Бақытың мен жұлдызыңды жағып берсін.
Алла жар боп қолдап, қорғап өзіңізді,
Сәттіліктің моншағын тағып берсін.

Қанатыңыз талмасын, самғаңыз тек,
Жаздай жайнап жадырап сіз күлімдеп.
Ағатайым болшы аман, мен жүрейін,
Қасыңызда күлімдеп, сізге еркелеп...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу