30.10.2021
  2470


Автор: Жібек Ысқақова

Әпкеме мерейтойға тілек, 30 жас

Гүл көктемдей бүршік жарып жаным әпкем,
Отыз жасқа толып жатсыз міне бүгін.
Бұл жаңа жас көңіліңізді нұрландырып,
Сыйлай берсін шаттықта өмір гүлін.

Бұл өмірдің қиындығы байқалмасын,
Бақытыңыз, шаттығыңыз шайқалмасын.
Ән менен жыр көңіліңізді тербеп әркез,
Қайғы-мұңдар сәлемін айта алмасын.

Отыз жасың сыйласын бақыт таңын,
Жандүниеңізге орнатып өмір мәнін.
Арманыңыз орындалсын сіз аңсаған,
Алла жар боп сыйлап сізге өмір сәнін..



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу