Өлеңдер ✍️

  30.10.2021
  118


Автор: Серік Сағынтай

Күпірлік

«Тот кто умер в этом году, избавлен смерти в следующем...»
У.Шекспир.

Сен өлген күні —
Жек көрер жұрттың күн-түні теңелген күні —
Ақтамақ ару отырар алқымнан алып,
Қыпша бір белін қынаған кемер белдігі.
Сен кеткен күні —
Сел болып сол бір бейбақты шерлі еткен мұңы.
Ақтамақ жаңбыр құяды-ай төпелеп тұрып,
Күн санап күтіп жүргендей ел көптен мүны.
Жүрегің қанап
жылар шын ел де (пендеге бір өлім бар ақ).
Қамкөңіл досың күрсінер
«Жері де жұмсақ,
өзі секілді» деп қойып, күрегін қадап.
Жылайды аспан, жылайды-ай өксіп, өкіріп.
Жай ойнап кетіп көк жүзін тепсіне тіліп.
Дамылдай алмай дауылдап жатады дала,
Көкке ұшып рухың кеткенде шексіз өкініп.
Ып-ыстық болып сендік бұл өмір бір күнгі,
Қара бұлт бүркеп Ай сүйген көгілдір түнді.
Зарлайды аспан еш маңға сыйдыра алмай,
Мазасыз, бақсыз, шарасыз сенің рухыңды.
Жазасы бардай,
Сен кетсең тағы толассыз қаза шығардай.
Күңіренер ғалам, одан да тыныш жүрсеңші,
Байтақ, кең, анау аспанның мазасын алмай!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу