Өлеңдер ✍️

  30.10.2021
  129


Автор: Серік Сағынтай

Бір арудың атынан

Көктемнің желегі желбіреп
күлгенде қалаға келген ем.
Ол мені күтпеді келді деп,
Өз балаң едім ғой мен деген.
Аң-таң боп қараймын сәуірге,
Қар да жоқ, гүл де жоқ — тым сұрғылт.
Жылу жоқ қарт жердің тәнінде,
Суынып кеткендей мұңсыз жұрт.
Шығынып кеткендей бәрінен,
Көңілсіз көктемге көнген ел.
Үйлердің терезе-лерінен,
Қарайды қайырымсыз пенделер.
Қарайды қадалып сан жанар,
Ымыртта найқалған ырғаққа.
Суықтан бүріскен қарғалар,
Ұшты әне, топталып күн жаққа.
Қанатын сілкілеп қара түн,
Күн бетін тұмшалап жапқанда.
Жалынға шарпытып қанатын,
Өртеніп құлады топ қарға.
Осы да қызықты ғұмыр ма —
Ел неге жаймады кең құшақ?
Құстар да құштар ед жылуға,
Кетті әне, өртеніп...
Мен құсап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу