👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  30.10.2021
  51


Автор: Серік Сағынтай

Елес

Кеше түнде айрылмас бір дос таптым:
Аты — Елес,
заты — Сендік сағыныш.
Мұнартады мұңлы түсті қоштап түн,
Біз бейбақта — бағыныс.
Мен әуелде-ақ жауласқан ем сезіммен:
Оты — Елес,
зады — мені мазақтау.
Бірақ, неге ыршыған жас көзімнен
Бар күлкіден ғажаптау?!
Біз бұрыннан бетке тұтқан бағдар ғой:
Аты — Елес,
заты — Үміт ғаламат.
Сенен мүлде талақ болып қалған ғой,
Мені тапса сағалап.
Досым, бірақ, түнде ғана келеді,
Қаймыға сәл, қара түнді жамыла.
Сынық сыңсып құшағыма енеді,
Күрсінеді қамыға.
Одан артық дос жоқ енді мен үшін,
Жабықтырмас, жалғыздықта жүдетпес.
Іңір түсе, күтем жұмбақ келісін,
Түн тылсымын тілеп кеш.
Ертең Сен де дос табарсың дәл сондай,
Аты — Елес,
затын байқап, көр қалпын.
Қамықтырма құшақ жайып қарсы алмай,
Мен болармын ол, бәлкім...


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы